Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, жол полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысының ережелерінен біліктілігін тексеру жөніндегі бұйрықты Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің төрағасы берген. Жалпыға бірдей ортақ негіздегі емтиханда тәртіп сақшыларына үш мәрте бақ сынап көруге мұрсат берілген. "Қызметкерлердің 82 проценті емтихан тапсырып, 18 проценті одан өтпей қалды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Емтихан тапсыра алмаған тәртіп сақшылары ішкі істер департаментінің қол қозғалысы ережелеріне қатысы жоқ бөлімдеріне басқа жұмысқа ауыстырылады",- дейді ондағылар.
2005-жылы облыс бойынша 2 мыңдай жол апаты тіркелді. Соның салдарынан 358 адам қаза тауып, 2319 адам жараланды. 24 жол апаты ішкі істер мекемесі қызметкерлерінің кінәсінен болған.