Ақмола облысының әкімі Альберт Рау мен ОҚО әкімі Нұрғали Әшімов 13 тамызда Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық және іскерлік байланыстарды дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес Ақмола облысы Оңтүстік Қазақстан облысына 50 мың тонна астық пен 30 мың тонна ұн береді.
Сондай-ақ, Қостанай облыстық әкімшілігінде бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына 120 мың тонна үшінші сортты бидай беру жөніндегі келісімге қол қойылды. Астық 1 қазаннан бастап жеткізіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының ұнға деген сұранысы тәулігіне 500 тоннаны құрайды.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл облыста 150 мың тоннаға жуық бидай жиналады.