"Ломоносов атындағы көп салалы мектептің түлегі Алуа Мансұрова мен Түлкібас мектеп-лицейлінің түлегі Нұрлан Сарыбаев Ұлттық бірыңғай тестілеу сынында 120 балл жинаған",- деді Н. Албаев. Оның мәліметтеріне сүйенсек, Түлкібас ауданында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1111 түлек қатысқан.
Облыстық білім беру департаментінің ақпараттары бойынша, үстіміздегі жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді жалпы білім беру мектептерінің 35 515 түлегі мен әскери мектептің 148 түлегінен барлығы 22 595 адам тапсырған.
Сонымен қатар Павлодарда Ұлттық бірыңғай тестлеудегі ең жоғарғы балл 119-ды құрап отыр, ал жалпы білім беру мектептерінің түлектері орташа есеппен 75,5 балл жинаған, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 баллға жоғары, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодардың білім беру бөлімінің бастығы Бақыт Бексейітова.
Оның ақпараттарына сүйенсек, төрт күн ішінде тестілеуге Павлодардың жалпы білім беру мектептерінің 1924 түлегі қатысқан. "Қалған 8 пайызы өз қалауларымен дәстүрлі емтихандар тапсыруға тоқталды",- деп атап өтті ол. Облыс орталығындағы тестілеу үш ірі жоғарғы оқу орындарының базасында, атап айтқанда Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, Инновациялық Еуразиялық университеті мен Павлодар пединститутында өтті. Мекемедегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді жүргізу тәртібіне Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 14 өкілі қадағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті