Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті қайтыс болған үш бүлдіршіннен ВИЧ-инфекциясы анықталғанын растамайды

Үш бала маусымның 10-17-сі аралығында қайтыс болды. Олар өкпе қабынуының ауыр түріне және басқа да дертке шалдыққан болатын. «Бүлдіршіндердің халі тым нашар болғандықтан біз оларды ВИЧ-инфекцияға тексеруіміз қажет еді. Сондықтанда олар алдын ала жасалған диагноздар тізіміне енгізілді. Қазір бұл диагноз алынды», - дейді Н. Жолдасова.

Осыған дейін айтылғандай, қазіргі таңда алты баладан жұқпалы ауру табылғаны расталды. 9 сәбидің диагнозы тексерілуде.