Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің директоры Баһадүр Нарымбетовтың Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, қазақ диаспорасының өтінішімен Ташкентте Ұлттық қазақ кітапханасы ашылды. "Біз осынау игілікті істі қолдауға ұйғардық",- деді Б.Нарымбетов.
Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында кітап жинау шарасы басталды. Ол 14-желтоқсанға дейін созылады. "Біз барлық оңтүстік қазақстандықтарды шара атсалысуға шақырамыз",- деді ол.
Б.Нарымбетовтың айтуынша, "Отан" партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің басшылығы қазірдің өзінде қазақ авторларының мыңдаған томдарын сатып алды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат департаменті ауғандық ардагерлермен бірлесіп 600-ден астам қазақ кітаптарын жинауды көздеп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті