"Алынған мақсаттық трансферттің жалпы көлемі 16 млрд 141 млн 155 мың теңгені құрады. Оның 2 млрд 500 млн теңгесі білім беру нысандарын салу мен жөндеуге, 10 млрд 610 млн 990 мың теңгесі мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі бағдарламасы бойынша 34 мектепті салуға, 891 млн теңгесі Мақтаарал және Отырар аудандарындағы екі мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтауға, 146 млн теңгесі мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерін (жалдамалы үйлер) салуға, шамамен 2 млрд теңгесі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұұрылым нысандарын салуға арналған", - деп хабарлады агенттік тілшісіне облыстық мәслихат аппаратының жетекшісі Александр Гурьев.