"Сырдарияда бөгелген мұз кесектері біздің облыстың аумағынан шығып, Қызылорда облысының аумағына қарай жылжыды", - деді И. Әбішев.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, қазір бар күшті суландыру желілері- каналдар мен арықтарды тазарту мен жөндеуге, бөгеттерді бекітуге шоғырландыру керек.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі жағдаймен суландыру желісін тасқын жартылай бұзып кеткен 4 ауданда 38 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Тазарту жұмыстарына 49 техника жұмылдырылды.