"Кеше Шымкенттегі электр қуатының шектеуі 20 МВт/сағатты, бүгін 30 МВт/сағатты құрады. Дүйсенбі күні шектеу 40 МВт-қа, ал сейсенбі күні 50 МВт-қа жетеді. Ал қаланың орташа қажеттілігі 80 МВт/сағатты құрайды. Мен бұны Жамбыл ЖЭС электр қуатын сатып алуға қаншалықты қаражатымыз жететіндігінен айтып отырмын", - деп мәлімдеді Салтанат Игісінова.
С. Игісінова мен Ғ. Жауторғаевтың айтуларынша, монополияға қарсы агенттіктің электр қуатының бағасын арттыруға берген өтініштерін қабылдамауы Оңтүстік Қазақстанның энергетиктерін өте ауыр жағдайға қалдырған.