Оңтүстік Қазақстан облысын «Тәуелсіздік керуені» аралауда

Керуен кезекті аялдаманы Түркістан қаласында жасады. «Біздің ойымыз бойынша, керуен баяғыдай, мереке сияқты өтуі керек», - дейді ішкі саясат басқармасының бастығы Батырбек Жалмұрзаев.

Керуен елді мекендердің көшелері мен алаңдарында жәрмеңкелер ұйымдастыруда. Жоғары білікті дәрігерлер көшпелі емханаларда адамдарды қабылдауда. Жәрмеңке сөрелерінде арзан бағамен тамақ өнімдері сатылуда. Үгіт-насихат бригадалары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы туралы баяндама жасайды, әртістер концерт берді.

Автокеруен облыстың барлық өңірін аралайды.