Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ауғанстаннан қоныс аударған төрт оралман 30-шілдеде "үш күндік малярия рецидиві" деген диагнозбен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының күшімен 3-5 шақырымдық аймақта ауру ошағы зерттеліп, нәтижесінде малярия жұқтырғыш масалар табылған жоқ.
Ауырған адамдардың туыс-туғандарыынң денсаулығын тексерген кезде 14 жастағы тағы бір ауру жұқтырған бала анықталып, Кентаудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету үшін Кентауға Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының арнайы тобы жіберілді. Агенттік ақпаратына сәйкес, зерттеулер бірнеше қайта жүргізілуде.