Оңтүстік Қазақстан облысына бүгін 500 тонна жанар-жағармай жеткізіледі



Әкімнің айтуынша, "Торғай Петролеум" АҚ-ынан жанар-жағармай сатып алушы ретінде іріктелген 8 оператор қажетті қаржыны өтеді. Облыстағы жанар-жағармай тарату бекеттеріне жанармай мен дизельдік отын бүгіннен бастап жеткізіледі.
13-қазаннан бастап облысқа тәулігіне 2 мың тоннаға дейін жанар-жағармай жеткізіліп тұрмақ. Өнім "PetroKazakhstan Оil Products" АҚ-ның аумағынан жөнелтілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті