Оңтүстік Қазақстан облысына жіберілетін жанар-жағармай көлемі ұлғайғанымен, ол сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр

Қ.Қамбаровтың айтуынша, қазіргі таңда "Торғай Петролеум" АҚ негізінен АИ-80 маркалы жанармайын жіберуде. Аз көлемде жіберілетін АИ-92 жанармайы мен дизельдік отынның тапшылығы сезілуде.

Қ.Қамбаровтың айтуынша, облыста жанар-жағармай әлі де жеткіліксіз. Қоймаларда ең төменгі тәуліктік қор сақталуда. Әзірге баға келісілген деңгейде болғанымен, жанармай жеткізуде шамалы болса да үзіліс шыққан жағдайда баға қайтадан шарықтап кету қаупі бар, деді ол.