Оңтүстік Қазақстан облысында 108 баладан ВИЧ індеті анықталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ВИЧ індеті деген диагноз 2005-жылы Шымкентте туған балаға қойылды. Эпидемилогиялық тексеру қорытындысы көрсеткендей, балаға қан ауыстырып құйылмаған. Алайда денсаулығы дімкәс бала Шымкент ауруханаларында бірнеше мәрте жатқан. Қазір оның ата-анасының анализдері талдануда.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 108 баладан ВИЧ індеті анықталды (сегізі қайтыс болса, біреуін асырауға шетелге алып кеткен) және 13 анадан қатерлі дерт табылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті