Оңтүстік Қазақстан облысында 1300 гектар далалық алқап өртенді

Бәйдібек ауданының Мыңбұлақ және Қайнарбұлақ ауылдарының жанында мыңдай гектар шөпті алқап өртенді. Өртті жергілікті тұрғындар мен өрт сөндірушілер жабыла сөндірді.

Шардара, Арыс және Отырар аудандарының шекарасындағы өрт осымен үшінші күн жалғасып жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, онда құрғақ шөп пен сексеуіл тұтанған. Өрт 320 гектарды шарпыды. Оны сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 24 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында 40 градустық аптап бірнеше күнге созылу салдарынан жердің шөп қабаты қурап, өрт шығуына себепкер болған.