ТЖ министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат өткен бейсенбі күні болған. Қауіпті жүк тиелген көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған көрінеді.
Салдарынан 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілген. «Заречное» ЖАҚ-на тиесілі цистерна базаға жеткізілді. Қышқыл төгілген жерге топырақ төселді. Адам шығыны жоқ, делінген хабарламада.