Оңтүстік Қазақстан облысында 30 жастағы әйел үш баласын суға батырып өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, 12, 10 жастағы және 4 айлық қыздарын әйел егін суаратын каналға қасақана батырып өлтірген. Бұдан кейін өзі де суға батып өлуге әрекет жасағанымен батылы бармай жағалауа шығып келсе керек. Балалардың өлі денесі түн ортасы ауған шақта оқиға орнынан 5-6 шақырым жерден табылды.

Әйел өзінің істеген ісін тұрмыс ауыртпалығымен түсіндіріп, жан бағуға ақша жоқ, жұбайым араққұмар деген сылтау айтады.
Әйел қазір уақытша тергеу қапасында отыр. Балаларды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.