Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мың гектарға сексеуіл егілді

А.Еркебаевтың айтуынша, биыл 4 мың гектарға сексеуіл отырғызылады. Қазіргі жағдаймен облыстағы барлық 4 орман шаруашылығында топырақ өңдеу шаралары аяқталды.

Келесі кезеңде сексеуіл тұқымдары жиналады. Тұқымның өнімділігі зертхана арқылы тексерілгеннен кейін егіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында сексеуіл егу жұмыстары 1956-жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Қазір бұл облыста 1 млн. 535 мың гектар алқапта сексеуіл өседі.