Оңтүстік Қазақстан облысында 4 жасар қыздың қазасына кінәлі тері және венерологиялық ауруларды емдеу диспансерінің дәрігерлері жұмыстан шығарылды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-шілдеде облыстық тері және венерологиялық ауруларды емдеу диспансерінде денедегі сүйелді алу барысында 4 жасар қыз қайтыс болған. Оның аты-жөні ата-анасының өтініші бойынша жария етілмей отыр. Сүйел алу операциясын 32 жыл бойы дәрігер болған Вера Резниченко жүзеге асырған. Операция кезінде ауыртпау, сүйелдің айналасының жанын кетіру үшін ледокаин еккен кезде, дәріні ағза қабылдамауға байланысты анофилактикалық реакция басталып, қыз қайтыс болып кеткен.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құрылған арнаулы комиссияның қорытындысы бойынша, ледокаинның ағзаға әсері толыққанды зерттелмеген. Сондай-ақ, қызды талықсу жағдайынан шығару бағытында тиісті медициналық процедуралар жүзеге асырылмаған.
Дәрігер В. Резниченко мен сол кезде бас дәрігердің міндетін атқарған облыстық тері және венерологиялық ауруларды емдеу диспансерінің бас дәрігерінің орынбасары жұмыстан шығарылды.