Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жасар баланы автокөлік қағып кетті

Қайғылы оқиға Сайрам ауданының Қамбарұлы ауылында орын алған. "Ауди-80" автокөлігінің жүргізушісі жаяу келе жатқан баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан 5 жасар бала ауруханаға жетпей қайтыс болды.