Әйелдерді марапаттау шарасы Шымкент қалалық әкімшілігінде өтті. Қала басшысы Ғалым Жұмжаев әйелдерге алқасын, куәліктері мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің мәліметі бойынша, 1-сәуірдегі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 4 -тен көп баласы бар 101897 әйел тұрып жатыр. Олардың 697-сі "Алтын алқа" медалімен, 3696-сы "Күміс алқамен" марапатталса, 3653 әйел батыр-ана деген атаққа ие.