Оңтүстік Қазақстан облысында 66 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді

"1-наурыздың 6 сағатындағы жағдай бойынша 66 тұрғын үйге, соның ішінде он үш 2 қабатты коттеджге, төрт 4 - 5 қабатты үйлер мен отыз екі 2 - 3 қабатты үйлерге жылу берілді",- деп хабарлады мекеме.

Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 29 апаттық бригада жұмылдырылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 25-ақпанда болған қатты желден К-54 қазандығына электр энергиясын беру үзіліп, соның салдарынан қазандық жұмысы тоқтап қалған болатын. Жылумен қамтамасыз ету жүйесінде кварталішілік жылу желілерінің кейбір бөліктері бірте-бірте қата бастаған. Апат салдарынан 126 тұрғын үй жылусыз қалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті