Оңтүстік Қазақстан облысында әкімшілік-аумақтық бөлініс жүйесі өзгерді

Айталық, Шымкентте қаланы Әл-Фараби, Еңбекші және Абай деген үш ауданға бөлу үрдісі қайта жаңғыртылады. Сарыағаш ауданы бұрынғыдай Сарыағаш және Келес аудандарына бөлінеді. Мақтаарал ауданы да жаңа бірліктерге бөлінбек. Бірақ әзірге олардың нақты саны белгісіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мақтаарал ауданы Жетісай, Мақтаарал және Киров тәрізді үш ауданды біріктіру арқылы құрылған.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, республика үкіметі жергілікті билікке тұрғындар саны 300 мың адамға жеткен жағдайда әкімшілік бірлікті бөлшектеуге өкілеттілік берген. "Жеке бюджеті бар нақты бір әкімшілік бірліктің болуы аймақ мұқтаждығын толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал егер бұл ауданның нақты қаржылық-әкімшілік құзыреті болмай, басқа ауданның құрамында болған жағдайда оны басымдық берілген аудан деп тану мүмкін болмаған болар еді",- делінген осыған қатысты облыстық әкімшіліктің түсініктемесінде.