Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық дерегі екі есеге артқан

"Алғашқы жарты жылдықта өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алаяқтық қылмысы екі есеге күрт өскені байқалады",-деп атап өтті М.Ахметжанов. "Осы уақыт аралығында 709 алаяқтық дерегі тіркелді, өткен жылы бұл көрсеткіш 385 болатын(84,2% артқан ). Алаяқтық қылмыстың өсуі Отырар ауданын қоспағанда, барлық аудандар мен қалаларда байқалады",- деді ол.

Прокурордың пікірінше, аляқтыққа баруға ең әуелі халықтың сауатсыздығы себеп. "Біздің ресми органдардың өкілдері құжат толтырудың заңды тәртібі туралы елге мағлұмат берумен айналысады. Бірақ, біздің пікірімізше осы органдардың да пайдакүнемдік қызығушылығы бар сияқты",-деді М.Ахметжанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті