Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан 4 мыңнан астам тұтынушы газдан ажыратылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Абай ауылында 22 шілдеде сағат 11.00-де диаметрі 219 мм-лік жоғары қысымды газ құбырын тексерген кезде газ шығып жатқаны анықталған.

Апат салдарынан 73 шкафты тарату бөлімшесі газдан ажыратылды. Жай үйлер секторындағы 4 476 тұтынушы газсыз қалды.

Оқыс оқиғаның салдарын жоюға "Қазтрансгаз-Аймақ" АДҚ 6 адамы мен 2 техникасыанн құралған апаттық топ жұмылдырылды. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, газ 23 шілдеде сағат 09.00-да жіберіледі.