Мекеме ақпаратына сәйкес, жол апаты Кентау қаласынан 7 шақырым жерде "Қосқорған" су қоймасының маңында 14-қыркүйекте болған. "ВАЗ-21093" автокөлігінің жүргізушісі "Опель-Вектра" автокөлігімен соғысты.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен екі көлікте отырған төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті