Оңтүстік Қазақстан облысында аптап ыстық салдарынан жүрегі ауырғандар саны арта түсті

Оның айтуынша, кейінгі үш күнде инфаркт дертімен әл үстінде ауруханаға түскендер саны екі есе өскен. "Бүгінде алты төсекке есептелген реанимацияда он адам жатыр. Науқастардың көпшілігі орын жоқтықтан ауруханаға жатудан бас тартуға мәжбүр",- деді ол.

Қалалық жедел жәрдем станциясының кезекші дәрігері Айгүл Айтөрееваның айтуынша, Шымкентте таныс жолының ауыр вирусты инфекциясына байланысты шұғыл көмек шақыру оқиғаларының саны арта түскен. Бір тәулікте осындай 50-70 шақыру түседі. Бұл - жаз маусымына тән емес көрініс. Мамандардың болжауынша, тұмаудың көбеюіне адамдардың аптап ыстыққа байланысты көбірек жүзуге, суық су құйынуға және балмұздақ жеуге тырысуы себепкер.
Тәулігіне жедел жәрдем шақыру саны 420-450-ге жетуде. Ал іш ауруларының саны арту оқиғасы әзірге байқалған жоқ.
Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы бірнеше күн бойына күндізгі ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Алдағы тәуліктерде ол арта түспек. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ескерту жариялады. Оған сәйкес 7-8-шілдеде облыс бойынша күндіз сынап бағанасы 40-43 градусты, ал облыстың кей жерлерінде 45-47 градусты көрсетеді деп күтілуде.