"Үш күннен бері мәлімет жоқ , ал қазіргі санға қарасақ, облыс бойынша жиналған мақта көлемі 455 мың 515 тоннаны құрайды",-деді ауыл шаруашылығы департамені егіншілік бөлімінің бастығы Сәрсенбек Мырзаев.
Оның ақпараты бойынша, облыс көлеміндегі орташа өнімділік биыл бір гектардан 23,3 центнерді құраған, ал Шардара ауданының мақташылары бір гектар жерден 31,5 центнерден жинаған. Мақта егіншілігімен айналысатын негізгі аудан -Мақтааралда облыс бойынша жиналған өнімнің 55% жиналыпты, олардың орташа өнімділігі 1 гектардан 28,3 центнерді құраған.
Ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы облыста мақта өнімі 464 мың тонна болған, ол кезде орташа өнімділік бір гектардан 23,1 центнер болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті