"Қазығұрт ауданының тұрғыны жасырын аудио- және бейнежазба жасауға арналған үш қалам түріндегі арнаулы техникалық құралдарды заңсыз сату барысында ұсталды. Бұл құралдарды ол қылмыскер кейпін жасаған ҰҚКД қызметкеріне 135 мың теңгеге сатпақ болған", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО ҰҚКД-нің тергеу басқармасы ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 143-бабының 3-тармағы (ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндіру, өткізу немесе сатып алу) бойынша қылмыстық іс қозғады.