"Түсәм жинау науқаны басталды, бүгінгі жағдаймен 4 мың 700 гектардан түсім жиналды. Барлығы 148 мың гектар аумақтан түсім жиналуы қажет. Шығымдылық айтарлықтай жоғары емес. Биылғы күн райы ахуалы ауыр, қуаңшылық болды. Әзірге орта есеппен бір гектардан 8 центнерден келеді", -деді Қ. Оспанбеков.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында масақты дақылдар 182 мың гектардан жиналды, жалпы түсім 350 мың 800 тоннаны құрады, орташа шығымдылық - бір гектардан 20 центнерге жуық.