Caravan Logo

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкері ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкері ұсталды

"ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел тергеу тобы 5 тамызда подполковникті Атакент ауылында азаматтарды қабылдау бөлмесінде аталған аудан тұрғынының ұлына уақытша әскери билет бергені үшін 12 мың теңге алып жатқан сәтте ұстады", - делінген хабарламада.

43 жастағы подполковниктің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық жөніндегі 177-ші бабының "в" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.