Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары дәрігерлік профилактикалық байқаудан өткізілуде

Созақ ауданындағы дәрігерлік тексеруден өткен 11 мың адамға қатысты мәліметтерді әлі өңдеп үлгерген жоқ. Бұдан кейін дәрігерлер Отырар аударына бет түзейді.

Портативті медициналық жабдықпен жарақтанып, облыстағы ең маңдай алды дәрігерлерді қамтыған дәрігерлік көшпелі топ облыстың ең шалғай өлкелеріне дейін жетуді көздеп отыр. Ауруы айқындалған науқастар толыққанды тексеруден өткізу және емдеу мақсатымен облыстық ақыл-кеңес және диагностикалық орталықтарға жолдама алады.