"Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі жеке баспана тұрғызуға он соттық жер телімін бөліп бергені үшін 180 мың теңге талап еткен", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21 шілдеде 46 жастағы әкім қылмыс үстінде ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.