Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, "ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның Шымкенттік филиалының қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері аталмыш банкте сынақтан өтуге келген өзінің бір таныс қызына банкте 80 мың доллардың есепшотын ашқан Пәкістан азаматының пластикалық карточкасы мен ПИН-кодын біліп алуға кеңес береді.
Алдау жолымен Пәкістан азаматының пластикалық карточкасын иемденіп алған әлгі қаскөйлер оның есепшотынан Шымкент, Алматы және Тараздағы банкоматтардан 50 мың долларды алып иемденген.
Қазір алаяқтар қамауда отыр. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Ірі көлемдегі алаяқтық" жөніндегі 177-бабы, 3-тармағы, "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.