Агенттік ақпаратына сәйкес 13-тамызда әйел ауырған бұзауды союға атсалысыпты.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 3 адам анықталып отыр. Науқас әйелден аса қатерлі жұқпалы аурулар зертханасында зерттеуден өткізу үшін сынамалар алынды. Оқиға орнында эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, эпидемиологиялық тергеу жұмыстары басталды.