Оңтүстік Қазақстан облысында бір алаяқ Бірыңғай ұлтық тестілеуден өткізіп беремін деп талапкерлердің ата-аналарынан 10 мың долларды алдап алған

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, беймәлім еркек талапкерлердің ата-аналарынан 1000 доллар сұрап, балаларың Бірыңғай ұлтық тестілеуден 100 балл жинап шығады деп уәде берген. Сарыағаш ауданының 10 тұрғыны бұл алдауға сенеді. Бірақ берген ақшаны несие түрінде нотариус арқылы рәсімдеуді талап етеді. Алаяқ өзінің бір танысын “қарыз алушы” болуға көндіріп, оған жоғары процент төлеуге сөз берген. Артынан ақшаны алған бойда ізін жасырып кетеді.

Қазір алданып қалған адамдар ақшасын қайтаруды талап етуде. Ал тақырға отырған “қарыз алушы” тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінді. Қашып кеткен алаяқтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.