"Кеше Қапшағай су бөгенінің су жинағышында Шаян аудан орталығы мен тағы үш елдімекенді тазаланған ауыз сумен қамтамасыз ететін су тазартқыш құрылғысын салу салтанатты түрде басталды",- деді Ұ. Сәдібеков.
Әкімнің айтынша, су тазартқыш құрылғы осындай өнім өндіру саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын атақты француз фирмасынан сатып алынады. Жаңа су жинағыштың құрылысына облыстық бюджеттен барлығы 300 млн теңге және аудандық бюджеттен 25 млн теңге бөлінген.
"90-шы жылдардың басында бұл жерде суды хлормен өңдеп тазартатын құрылғы болған, бірақ уақыт өте келе ол жарамсыз болып қалған",- деп түсіндірді Ұ. Сәдібеков. Оның айтуынша, өткен жылы қашықтығы 25 шақырымдық жаңа су құбырының желісі тартылған және жаңа құрылғыларды орнату Бәйдібек ауданы тұрғындарының басым бөлігін таза сумен қамсыздандырудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті