"Өткен жылмен салыстырғанда масақты, күздік және бидай дақылдарының бір гектарына бөлінетін субсидиялар көлемі 660 -тан 586 теңгеге дейін азайтылды. Алайда, биыл "астықтық жүгері" деген позиция қосылды. Оның бір гектарына 1580 теңге бөлінеді. Биыл сондай-ақ, бақшалық дақылдар деген жеке позиция пайда болды. Оларға көкөніспен бір деңгейде, яғни, 8000 теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Тағы бір жаңа картоп деген позиция - 1250 теңгеге тең. Бұрын оған субсидия төленбеген", - деді Ш. Мары.
Оның айтуынша, жалпы алғанда биыл Оңтүстік Қазақстан облысына түрлі субсидияларға деп 1 млрд 488 млн 336 мың теңге бөлу межеленген.