Б.Дүйсебаевтың айтуынша, бұл мәліметтер Шымкент, Төле би және Түлкібас аудандарынан басқа барлық аудандардан алынды. Аталған аудандарда есеп жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
Алдын-ала мәлімет бойынша құйын салдарынан 129 мектеп, 5 кәсіптік-техникалық оқу орны, 12 аурухана мен емхана, 10 мәдениет сарайы, 15 клуб, 275 үй, 12 әкімшілік ғимараты мен 1 су қысымы мұнарасы бүлінген. Бұл ғимараттардың барлығының да шатыры жұлынып, терезе әйнектері мен таяныштары сынған. Сондай-ақ 125 электр бағаналары құлап, 59 электр қондырғылар мен 3 электротрансформаторға ақау келіп, 5,3 шақырым электр сымдары мен 80 метр кабель үзілген.
Аудандардан келген мәліметтерді облыстық комиссия қарап, төтенше жағдайлар жөніндегі арнаулы қордан қаржы бөлудің орындылығы туралы мәселені шешеді.