Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол көлік апатының салдарынан 18 адам зардап шекті

Оңтүстік Қазақстан облысында Қайтпас - Машат тас жолында 7 тамызда кешкі сағат 19.00-де "Шевролет-Субарбан" көлігі "Газель" шағын автобусымен соқтығысқан. Осының салдарынан қос жүргізуші мен "Газель" көлігінің 16 жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.