200 бала дәріс алатын білім ордасы заман талабына сай материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Болат Жылқышиевтің айтуынша, "бұл - жеке кәсіпкердің қаражатына бой көтеріп, мемлекеттің иелігіне өткен тұңғыш білім шаңырағы" екенін атап өтті. "Бұған дейін республика бойынша бюджеттен тыс қаражатқа 3 мектеп салынған. Бірақ олар шетелдік инвесторлардың қаражатына бой көтерген",- деді әкім.
Бүгін балаларды алғашқы қоңырауға жинаған мектеп ғимараты 6 айда бой көтерген, оны салуға Қайрат Беркімбаев есімді кәсіпкер 1 млн. 300 мың доллар жұмсаған.
"Бұл - құмға сіңген судай қаражат емес. Менің ауылдас іні-қарындастарым болашақта білімді азаматтарға айналып, заман тұтқасын ұстайтын, ел билейтін азаматтар болып өссе - қайтарым деген осы",- дейді кәсіпкер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті