Полиция ақпаратына сәйкес, шетелдіктер Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық әкімшілігінің аумағындағы жайылымда ұсталған. Олардың бәрі де Қазақстан азаматының шақыруымен келген және тексеру кезінде жеке бастарын куәландыратын құжаттары болмаған. Оларда дәрілік шөп жинауға да рұқсаттары жоқ болып шықты.
Сарыағаш аудандық прокурорының рұқсатымен шетелдіктер Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қабылдағышына тоғытылды.
Қазір шетелдіктерді шақырған Қазақстан азаматының жүрген жерін анықтауға шаралар қолданылуда.
Бұл - Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында ферула жинап жүрген шетелдіктерді ұстауға байланысты алғашқы оқиға емес.
Мәселен, шілде айының басында Сарыағаш ауданында бір қазақстандық фирма үшін дәрілік шөптер жинап жүрген Ауғанстанның 26, Тәжікстанның 14 азаматы ұсталған. Ұсталғандардың жеке басын куәландыратын құжаттары болғанына қарамастан, дәрілік шөптерді жинауға ресми рұқсаты болмай шыққан.
Бұл азаматтарды қазақстанның "Өз елім -Түркістан" фирмасы шетелдерден шақырып алған. Фирманы бұрынғы Ауғанстан азаматы басқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті