Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуаты қамтамасыздығына шектеу енгізілді

"Бізге электр қуатымен қамтамасыз етуге тәжік энергетикалық компаниялары көмектесті. Қазір қатты аяз салдарынан ол жақта өзендер қатып, су электр станциялары электр қуатын бере алмай қалды. Тұрғындардан сол себепті кешкі уақыттарда электр қуатын үнемдеуді сұраймыз", - деді Е. Тоқбергенов.

"Энергопоток"ЖШС бұқарамен байланыс бөлімінің бастығы Оксана Иванованың айтуынша, кешкі ең жоғары тұтыным сәттеріндегі электр қуатының тапшылығы облыста 50 МВт, соның ішінде Шымкентте 30 МВт құрайды.

"Қырғызстан да, Тәжікстан да , Жамбыл ГРЭС-і де кешкі максимумды реттеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да біз тапшылыққа душар болудамыз", - деді О. Иванова.

Облыс бойынша кешкі максимум сәттерінде 450 МВт/сағ электр қуаты тұтынылады.

Е. Тоқбергеновтың айтуынша, электр қуатын тұтынудағы шектеулер осы аптаның аяғына дейін созылады, алайда, "Энергопоток" ЖШС электр қуатымен қамтатамасыз етуші компаниясы нақты мерзімді атаудан бас тартуда.