О. Иванованың айтуынша, республикалық монополияға қарсы органның араласуынан кейін Жамбыл ГРЭС өндіріп отырған электр қуатының тарифын көтеру ойынан бас тартты және оны бұрынғы көлемде жіберуді қалпына келтірді.
"Монополияға қарсы мекеме Жамбыл ГРЭС басшылығын электр қуатының бағасын өткен айдың мөлшеріне дейін төмендетуге көндірді. Жаңа жылға дейін Жамбыл ГРЭС 1 кВт/сағатты 4,5 теңгемен беріп отырды. Ал 1-қаңтардан бастап біз сол мөлшерді 6,19 теңгеге сатып алуға мәжбүр болдық", - деді О. Иванова.
О. Иванованың айтуынша, тұтынушылар үшін тариф көтеру мәселесі әзірше шешілген. Тіпті ҚҚС мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты бір киловаттың бағасы 7,80 теңгеден 7,73 теңгеге дейін азайтылған.
Бұрын хабарлағанымыздай, 10-қаңтарда баспасөз мәслихатында оңтүстік қазақстандық электр компанияларының басшылықтары Оңтүстік Қазақстан облысында "3-ші Энергоорталығы" АҚ мен Жамбыл ГРЭС-терінде жабдықтаушы алдындағы электр компанияларының қарыздар болуы себепті электр қуатының өндірілуі төмендегендіктен электр қуатын ауық-ауық өшіріп отыру жөінде мәлімдеме жасаған болатын.