4 желтоқсанның кешінен бастап электр жарығының тапшылығына байланысты оны өшіре бастадық,-деп агенттікке "Оңтүстік жарық" кәсіпорнының бұқарамен байланыс жөніндегі маманы Оксана Калашникова хабарлаған.
Оның айтуынша, облыста жетіспеушіліктің көлемі сағатына 70 МВт болған. Облыс пен Шымкенттің барлық аудандары жарық тұтыну көлеміне сәйкес кесте бойынша жарықтан қағыла бастады,-дейді О.Калашникова. Біз тек Кентауға ғана тимедік, өйткені онда орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ болғандықтан халық тоқпен жылынып отыр. Сонымен қатар, электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз етілетін нысандар бар".
Осыған дейін хабарлағанымыздай, ОҚО электр жарығымен қамтамасыз ету қиындықтары облысқа солтүстік энергия көздерінен арзан жарықты беретін квотаны қысқартқаннан бастап, әрі Жамбыл Су электр станциясы өндіретін электр жарығының құны өсуіне байланысты туындаған еді. Оған қоса, Қырғызстан мен Тәжікстаннан электр жарығын жіберу тоқтатылды.
"Электр жарығы ең көп берілетін уақыттарда жарық беретін қуатты қондырғылардың жоқтығы айтарлықтай қолбайлау болып отыр,-деп түсініктеме береді О.Калашникова.
Бүгінгі таңда ОҚО өзінің екі қуат көзі бар: 3-ші ЖЭО сағатына 60 МВт, ал Шардара Су электр станциясы сағатына 65 МВт өндіреді. Электр жарығын ең көп пайдаланатын уақыттарда облыста көрсеткіш 270 МВт-қа жетеді.Бұл одан өзге уақыттардан 60-70 Мвт-қа айырмашылығы бар. Жамбыл Су электр орталығы мен өзіміздің жарық көздері бізге қуаттылықты реттейтін қондырғылар орнатудан бас тартады. Олар кеш кешкі уақыттарда электр жарығының көлемін күрт өсіріп, одан соң төмендететіндей мүмкіндігі жоқ",-дейді Калашникова.
Оның айтуынша, реттелетін қуаттар солтүстік қуат көздерінен болмаса сырттан келуі мүмкін. "Бұл Тәжікстанның қолынан келгенімен, тәжіктің энергетиктері бұл іске тек желтоқсанның 9-ына қарай кірісе алатындықтарын айтуда",-деп түсіндірді О.Калашникова.