Оңтүстік Қазақстан облысында энергетика басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ. Бектеміров физик және инженер-электрик деген екі жоғары мамандық иесі. Ағылшын тілін игерген. Бұған дейін "Астана энергосбыт" ЖШС директоры болған. 2008 жылдың маусым айында Шымкент әкімшілігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалып, енді жуырда облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығына тағайындалды.

Осы басқарманың бұрынғы бастығы Елікбай Тоқбергенов осы басқарма бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.