"Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық монополияға қарсы департаменті екі компанияға электр қуатының бағасын арттыру жөніндегі негіздемелік материалдарда субъектілер ұсынып отырған баға көрсеткішін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін солтүстік көздерден арзан электр қуатын жеткізу келісім-шарттарының әдейі жасырылуына байланысты дәйектемелер келтірді", - деп хабарлады Н. Жолдасов.