Оңтүстік Қазақстан облысында екі бала суға кетті

Михайловское су қоймасында дауыл салдарынан катамаран қайығы аударылып, қайықта отырған 8 жасар ұл суға батып кетті. Тағы бір қайғылы оқиға Сарыағаш ауданындағы Рамазан өзенінде болды. Мұнда суда жүзіп жүрген 2 жасар қыз суға кетті.

Қазір судан құтқару қызметінің құтқарушылары балалардың мәйітін іздестіруде.