Облыстық полиция баспасөз қызметінің сәрсенбідегі хабарламасына сүйенсек, оқиға өткен жексенбі күні болған. Төлеби ауданының 23 жастағы тұрғыны «Фольксваген» көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып, «Ауди-80» автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан «Ауди» жүргізушісі мен оның жанындағы үш жолаушы сол жерде жан тапсырды. Жолаушылар ерлі-зайыптылар мен олардың 15 жасар ұлы болатын. «Фольксваген» жүргізушісі ауруханада көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізілуде.
Полиция мәліметінше, өткен аптада облыс аумағында болған жол апаттары кезінде 11 адам көз жұмып, 54 адам жарақаттанған.