Қайғылы оқиға 26-ақпанда Б.Момышұлы атындағы орта мектепте болды. Еңбек сабағы барысында "ТВ-4" станогын бекіткен құрылғы сынып кеткен. Соның салдарынан күлпарша болған металл сынықтары станокта жұмыс істеп отырған 9 сынып оқушысын жарақаттады. Іші, бет-аузы мен кеудесінен жараланған оқушы ауруханаға жеткізу барысында жолай қайтыс болды. Қазір тергеу жүргізілуде.