Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі тасушы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 40 жастағы Қазақстан азаматы Мақтаарал ауданында қолға түскен. Оның көлігінен 3 килограмм 23 грамм героин табылған. Тексеру барысында белгілі болғанындай, бұл адам бұрын қарақшылық шабуыл үшін істі болған екен.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам ҰҚКД-нің уақытша тергеу абақтысына қамалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті